Бас бәйге – Нұрғали Әнапияда Избранное

Четверг, 02 Декабрь 2021 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 804 раз

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жыр арқауы – Тәуелсіздік» атты жас ақындардың республикалық айтысы өтті. Сөз маржанын терген жыр додасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы, Тұңғыш Президент күні мен қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына арналды.

652

 

Айтысқа шырайлы шаһардың 6 ақыны және еліміздің өзге өңірлерінен 6 айтыскер қатысты. Сахнада нұрсұлтандық Дәурен Ысқақ шымкенттік бала ақын Аллажар Сапарханмен, қарашаңырақ оқу ордасының түлегі, әрі ақындар үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнәпия шығыстың дүлдүлі Айшолпан Тілеутаймен, шымкенттік Мейіржан Жарылқап түркістандық Нұрдәулет Өмірбековпен, шымкенттік Аян Ниязбек елордалық Мұхит Бабақұлмен, жерлесіміз Жандос Мырзабеков алматылық Айым Асылбекқызымен, Абылай Құлтай ақтөбелік Нартай Тілеуқұлмен сөз сайыстырды.
Айтысқа Б.Өтеп атындағы «Өнер» мектебінің директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Кәрима Оралова, «Ақпарат саласының үздігі», ақын Қажымұқан Абзалов, Қазақстан және Өзбек-стан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бөрібай Оразымбетов, ОҚМПУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов қазылық етті. Айтысты оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, жастарға ақ жол тіледі. Жыр додасын айтыскер ақыны Біржан Байтуов жүргізді.
Алдымен айтысқа нұр-сұлтандық Дәурен Ысқақ пен бала ақын Аллажар Сапархан шықты. Айта кетерлігі, Аллажар Сапархан «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің 4 сынып оқушысы. Аталмыш жұптың айтысы кезінде бала ақынның айтыс өнеріне көрермен ерекше ықылас білдірді.
Бұдан әрі, ОҚМПУ-дың түлегі, әрі ақындар үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнәпия мен шығыстың дүлдүлі Айшолпан Тілеутай арасындағы қыз бен жігіт айтысы да көрермендерді бір сілкінтіп тастады.
Жұртты желпінтіп, тыңдарманға түйдек-түйдек сөз маржанын тарту еткен айтыс қорытындысы бойынша Нартай Тілеуқұл, Мұхит Бабақұл, Абылай Құлтай, Жандос Мырзабек, Нұрдәулет Өмірбек, Мейіржан Жарылқап, Дәурен Ысқақ Аллажар Сапархан айтыстың ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, Аллажар Сапархан ынталандыру сыйлығына қоса қазылар алқасының төрайымы Маржан Есжанованың тағайындаған 5О мың теңгесін олжалады. Ал, Шығыстан келген Айшолпан Төлеутай жүлделі 3-орын алып, 200 мың теңгеге, Аян Ниязбек 2-орын алып 400 мың теңгеге ие болды. Алматылық ару Айым Асылбекқызы жүлделі 1-орын алып, 700 мың теңгеге қол жеткізді.
Бас жүлде үшін тігілген 1 миллион теңге Нұрғали Әнапияға бұйырды.