1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Избранное

Пятница, 04 Февраль 2022 03:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 895 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұршуақ шағынауданы тұрғындарымен өткен кездесуде ай сайын өткізілетін жеке қабылдаудан бөлек, әр тоқсанның бір айын тұрғындармен кездесуге арнайтынын жеткізді. Жыл басынан бері өзекті мәселесі бар 32 шағынаудан мен тұрғын алаптың халқының мәселесін тыңдағанын атап өтті.

181

 

Абай ауданына қарасты бұл шағынаудан тұрғындарын сапалы электр жарығы мен табиғи газ, мектеп, емхана, көшелерге шағал тас төсеу, қоғамдық көлік пен Әл-Фараби көшесіне шығатын балама жол қарастыру мәселесі толғандырып отыр.
Әкім көтерілген мәселелердің шешу жолын сала жетекшілерімен талқылап, жергілікті тұрғындарға жұмыстың атқарылу барысын түсіндірді.
– Шағынауданның өзекті мәселесін ескере отырып, ең алдымен газ, жарықты шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай, былтыр таза ауыз сумен толық қамтылдыңыздар. Бүгінгі таңда сапалы электр қуатын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы газ жүйесін тарту жұмыстары басталады. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Өткен жылы 14 көшеге шағал тас төселсе, ауыз су жүйесі жүргізілген 6 шақырым жолға биыл төселетін болады. Инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталғанда жолдарды асфальттау жұмыстары басталады,-деді әкім.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы 2023 жылы Нұршуақ шағын ауданына 1200 орындық мектеп салынатынын, екі елді мекенге ортақ емхана құрылысы Ынтымақ шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқанын атап өтті. Заманауи емхана тәулігіне 500 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.
Сөз соңында тұрғындар әкімге ашық диалог тәртібіндегі кездесуі үшін алғысын білдіріп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне атсалысатындарын айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.