ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА – ЖАҢА БАСТАМА Избранное

Среда, 09 Февраль 2022 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 917 раз

Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры Балалар жылына орай жаңа бастаманы қолға алып отыр. «Дені саудың — жаны сау» таңғы жаттығу акциясы аясында «Заңғар-Эверест» бөбекжай бала-бақшасының бүлдіршіндерін қуантты.

202

 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін» деген болатын. Ал бала саулығының бірінші қадамы — оның бұқаралық спортпен шұғылдануы, таңғы жаттығу жасауынан басталады. Сондықтан, театр ұжымы бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің спортқа
қызығушылығын оятып, денсаулығына жауапкершілікті арттыру мақсатында қалалық акцияны бастап отыр, – дейді театр директоры С.Алтаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалалық акция жыл бойына жалғасады. Іс-шара барысында қаладағы білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі мекемелер мен орта білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарын толық қамтуды мақсат етіп отыр. Акция барысында балалар таңертеңгілік және спорттық жаттығу жасап, көңілді ойындар ойнайды. Сондай-ақ, жас ерекшеліктеріне қарай қарапайым би қимылдары үйретіліп, көңілді әуенге флешмоб билейді.
— Таңертеңгілік жаттығу балалардың күнді белсенді әрі сергек өткізуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, оларға эмоционалдық өрлеу беретіні сөзсіз, – дейді С.Алтаев.
Көшпелі театр бағытында жүргізілетін акция әр апта сайын бір білім ордасында өткізілмек. Ол білім ұйымдарымен арадағы меморандум негізінде тегін жүргізіледі. Акцияға 2-12 жас аралығындағы балалар қатысады. Таңғы жаттығуды спорт шеберлері, театр қойылымындағы ертегі кейіпкерлері, білікті нұсқаушылар мен өнер жұлдыздары жүргізеді.

Шолпан МАМЫТХАНОВА,
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.