ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ Избранное

Среда, 09 Февраль 2022 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1652 раз

Шымкент қаласы Қызылжар шағынауданында бір ауысымда 500 науқасты қабылдай алатын үлкен, заманауи емхананың құрылысы жүріп жатыр. «Медикал центр Шұбарсу» компаниясының қаржысына салынып жатқан емхана 2023 жылдың көктем айларында пайдалануға беріледі.

210

 

Шымкент қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов емхананың құрылысымен танысты.
Бүгінде Қызылжар шағын ауданында 58 мың тұрғын бар. Мұндағы №9 емхананың әбден тозығы жеткен. Тұрғындар диагностикалық зерттеуден өту үшін қаланың орталығына баруға мәжбүр. Сол себепті денсаулық сақтау басқармасы мәселені шешу үшін «Медикал центр Шұбарсу» ЖШС-ін инвестор ретінде жұмылдырған. Әзірге бұл емхана уақытша ғимаратта жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Жаңа емхана шағынаудандағы қараусыз қалған стадионның орнына салынуда.
– Жаңа емханада тұрғындарға қажет барлық жағдай жасалады. Ол МРТ, КТ, УДЗ секілді барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Өз зертханасы, тіпті, күндізгі стационар бөлімі де болады. Емхана ашылған кезде тұрғындар ем алу үшін басқа жаққа сабылмайды. Кейбір азаматтар жаңа емхананың стадионның орнына салынуына қарсы болғанын білесіздер. Бірақ, ол стадионда спортпен айналысуға ешқандай жағдай жоқ болатын. «Медикал центр Шұбарсу» компаниясы өз қаражатының есебінен ескі емхананың орнына заманауи спорт кешенін салып беруді мойнына алып отыр, – деді Б.Позилов.