ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ – БЮДЖЕТТІҢ ЖҰМСАЛУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ Избранное

Пятница, 11 Февраль 2022 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1117 раз

Шымкентте жеке инвестордың есебінен жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс барысымен танысу үшін құрылыс алаңында болып қайтты.

233

 

Құрсай шағынауданында орналасқан мектеп 550 орынға шақталған. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін нысанның құрылысын аралау барысында әкім жұмыс сапасына назар аударып, материалдық-техникалық базасының талапқа сай болуын қадағалауды тиісті мамандарға тапсырды.
Қазақстанда білім саласының дамуына мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектеп санының өссуімен үлес қосып келеді. Яғни қала басшысы орын тапшылығын жою үшін жекеменшік білім нысандарын салуға кәсіпкерлерді көптеп тарту қажет екенін айтты.
Жекеменшік білім мекемелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына қаражат төленеді. Яғни, жекеменшік мектептерде кез-келген бала мемлекет қаржысына тегін білім ала алады.
Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов жеке инвестордың қатысуымен салынып жатқан тағы бір мектептің құрылысымен танысты. Осы жылы тапсырылуы жоспарланған білім нысаны 500 орынға лайықталған.Темірлан тас жолы бойында орналасқан мектепке мемлекеттік тапсырыс бойынша әр балаға жан басына шаққанда қаражат төленеді.
Шымкентте мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында жан басына қаржыландыру жүйесі септігін тигізуде. Осы мақсатта салынып жатқан «Жас дарын-3» жекеменшік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі инвесторлар есебінен салынатын білім нысандары тиімділігіне тоқталды.
«Жан басына шаққандағы қаржыландыру – бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттырады, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсартады және жұмыс нәтижелерін ынталандырудың қосымша шаралары есебінен педагогтың беделін жоғарылатуға септігін тигізеді»,-деді М.Әйтенов.
Мектепті осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.