СҰРАҢЫЗ, ЖАУАП БЕРЕДІ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 849 раз

Оқырмандардың Tolem картасына қатысты сұрақтарына «QazSmartTrans» ЖШС директорының орынбасары Аңсар Серікбай жауап береді.

258

 

1. Оқушыларға Tolem картасын қалай рәсімдеуге болады?

– Мектеп оқушыларына Tolem картасын рәсімдеудің 2 жолы бар. Біріншісі – Телеграм-бот арқылы, яғни, электрлі билет әдісі. Қазіргі таңда телеграм бот желісі жаңартылып, қызмет алу жеңілдеді. Екіншісі – Tolem фронт-офисіне барып, жазбаша өтінім беру. Мекенжайы: Жангельдин көшесі, 1.

2. Ол үшін қандай құжаттар қажет?

– Картаны рәсімдеу үшін баланың туу туралы куәлігі және 3-4 см шамасындағы суреті керек. Фотосуретті қағазға басып шығарудың қажеті жоқ, анық түскен электронды форматтағы сурет жеткілікті. Тағы бір айтарымыз, оқушыны ертіп келу міндетті емес, ата-анасының бірі құжаттарымен келсе болады. Дайын картаны осы мекенжайдан, ата-анасының бірі алып кете алады.

3. Ал оқушы картасын жоғалтып алған жағдайда не істеуі керек?

– Оқушы Tolem картасын жоғалтқан жағдайда ата-анасының бірі құжаттармен Tolem фронт-офисіне келіп, өтініш жазады. Содан кейін 10-14 күннің ішінде жаңа карта ала алады және жоғалған картадағы ақшаны қайтаруға болады.

4. Tolem орталығының call-орталығы бар ма?

– Жеке call-орталық жоқ, дегенмен, тұрғындар картаға қатысты сұрақтармен I-komek қызметінің 109 нөміріне хабарласа алады. Картаны рәсімдеген соң дайын болғанын да осы нөмірден білуге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.