ЛИФТ БҰЗЫЛСА, 109 НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ! Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 805 раз

Қала аумағында орнатылған жедел сатыларға (лифт) қызмет көрсетуші мекемелердің жұмыс сапасын арттыру және тұрғындардың жедел саты бойынша мәселелерін дер кезінде шешу — кезек күттірмейтін мәселе.

260

 

Осыған орай, Шымкент қаласының ситуациялық @ikomek109.shymkent орталығы мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жедел сатыларға қызмет көрсетуші мекемелер қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың, шұғыл шақыртулардың орындалу сапасын қадағалау мақсатында бірлесе жұмыс істейтін болды.
Енді, қала тұрғындары жедел сатыларда қалып қою, олардың істен шығуы және басқа да мәселелер бойынша БІРЫҢҒАЙ 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жедел хабарласа алады.
@ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді 24/7 мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:

1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне ТЕГІН қоңырау шалу;

2. What’s App +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жазу;

3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасына жекеге жазу;

4. Facebook IKomek Shymkent парақшасына жекеге жазу;

5. @shymkentonlinekz_bot Telegram-bot арқылы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « СҰРАҢЫЗ, ЖАУАП БЕРЕДІ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ »