Ашық диалог Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 857 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан Студенттер және Спорт, Кіші самал шағынаудан тұрғындарымен кездесті. Онда шағын ауданды дамыту,
аулаларды абаттандыру мен меншік иелерінің бірлестігін құру және көпқабатты үйлерді жаңғырту мәселесі айтылды.

269

 

Қала әкімі жергілікті бюджет есебінен қайтарымды негізде мегаполисте 60 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргiзу, оның ішінде аталған шағынауданда орналасқан 4 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарда бар екенін айтты.
Мұндай жұмыстар тұрғын үйді басқарудың жаңа түріне енген үй иелерінің өтініштері негізінде бюджет есебінен жасалады. Жұмыс аяқталған соң тұрғындар жөндеу жұмыстарына кеткен шығынды ай сайын, белгіленген мерзім ішінде бөліп төлей отырып қайтарады.
Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесіндегі №67, 67а үй мен Спорт шағынауданындағы № 23 үйлердің шатыры және Байтұрсынов көшесіндегі №94 үйдің қасбеті, шатыры, кіре беріс алаңы мен жертөлесіндегі инженерлік жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Спорт шағынауданында орналасқан 54 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жаңа басқару түріне өткен. Оның ішінде 10 үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелсе, 44 көпқабатты тұрғын үйлер жай серіктестікке енген.
Мұрат Әйтенов үй басқарудың жаңа түрінің пәтер иелері кооперативінен айырмашылығы — ашықтық, көпқабатты тұрғын үйді жақсарту, таза ұстау, жөндеу және тағы басқа жұмыстардың қалай орындалып жатқаны анық көрінуінде екенін айтты.
Бұдан бөлек, шағынаудандағы №9, Байтұрсынов көшесіндегі №88-90, және 92 көпқабатты тұрғын үй ауласына биыл балалар ойын алаңшасы орнатылса, №11,12,13,94 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына спорт алаңшасы жаңадан орнатылады, ал, №75а, 23 тұрғын үйдің ауласындағы спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Кездесу соңында қала басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген басқа да мәселелер бойынша аудан әкімі мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын баяндауды міндеттеді.
16 мыңнан астам халқы бар Спорт шағынауданы мен Кіші самал шағынаудан тұрғындары табиғи газбен, ауыз сумен, электр жарығымен, кәріз жүйесімен және көшелердің асфальт қабатымен 100 пайыз қамтылған. Ал, Спорт шағынауданындағы ішкі орамдық жолдар толық жарықтандырылған болса, Кіші самалда 13 көшенің 9-ы жарықтандырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.