24 196 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1171 раз

Биыл «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі ұзартылып, төленетін еңбекақы көлемі көбейеді. Мұндай шаралар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сайкес, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қабылданған. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфирде баяндады.

294

 

«Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзарып, еңбекақысы 91 890 (30 АЕК) теңге, ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі – 18 ай, төленетін еңбекақысы 30 айлық есептік көрсеткішке өседі.
Биыл ҚР Үкіметінің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қалада 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру, оның ішінде 20 759 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Сонымен қоса 2022 жылға 24 196 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Оның 14 157 орны – тұрақты, 9 679-ы – уақытша. Ұлттық жоба негізінде 10 522 жұмыс орны, 13 674 орын жеке бастамамен ашылады.
Президенттің 2022 жылдың 11 қаңтарда берген тапсырмасы негізінде биыл 18 425 жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Өткен жылы 29 жасқа дейінгі 2 578 азамат – «Жастар практикасына», 351 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 064-і – қоғамдық жұмысқа, 118 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы және 23 421 адам бос жұмыс орындарына орналасқан.
Эфир барысында тұрғындар тарапынан 60-тан аса сұрақ қойылды. Басқарма басшысы жұмыспен қамтудың бағыттары, кәсіптік оқу және жастарға арналған бағдарлама жөнінде сауалдарға жауап берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.