Ауыз су мәселесі ретімен шешІліп келеді Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1130 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабы Тассай бөлімшесіндегі инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті.

292

 

Коммуналды инфрақұрылымы толық шешілмеген елді мекен тұрғындары сапалы электр жарығымен толық қамтылған. Бүгінде ауыз су кестемен берілетін Тассай тұрғындарына керегі – тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт төсеу және табиғи газға қосылу.
Жергілікті тұрғындардың өтінішін тыңдаған қала әкімі аумақтағы тұрғын үйлерге табиғи газ жүйелерінің толық жүргізілгенін, АГРС-3 нысаны көктемде іске қосылғанда көгілдір отынға қосу жұмыстары басталатынын, алдағы екі жылда мегаполисте ауыз су мәселесі шешілетінін жеткізді.
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазір
Шымкенттегі 81 елді мекеннің 78-інде сапалы ауыз су мәселесі шешілген. Қалған үш елді мекенде ауыз су кесте бойынша беруде. 2022 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткішін 99 пайызға жеткізу көздеп отырмыз. Ол үшін биыл тағы 1 магистралды су құбыры және 1 елді мекеннің ішкі су жүйелерінің құрылысы аяқталады. Ал 2023 жылдың соңына қарай шымкенттіктер тәулік бойы үздіксіз берілетін сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтылады, – деді әкім.
Көшелерге асфальт төсеу бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нақты тапсырмалар берілді. 2 553 тұрғыны бар бұл елді мекенде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория және 7 кәсіпорын бар. Өткен жылы спорт және ойын алаңшасы салынса, биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жер телімдері рәсімделуде.
Сөз соңында әкім тұрғындарды алаңдатқан сауалдардың жіті зерделенетінін айтып, елді мекеннің дамуына атсалысып жүрген белсенді азаматтарға алғысын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.