72 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ Избранное

Среда, 30 Март 2022 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 759 раз

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Орталық қырғы базарда «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындары жәрмеңкесі өтті. Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту бөлімі және қалалық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, жұмыссыз жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар насихатталды.

76

 

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс, алғашқы жұмыс орны бағдарламаларын ұйымдастыру. Яғни, жұмыссыз жастардың санын азайту.
– Жастарды жұмыспен қамту үшін мамандар мәліметтерді толық түсіндіріп, жұмыс істеуге ниет білдірген қала тұрғындарына жолдама беріліп жатыр. Тұрғылықты мекенжайы бар
Шымкент қаласының азаматтарын жұмыспен қамтитын боламыз, – деді Әл-Фараби ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Білімжан
Нұралыұлы.
Жәрмеңкеде оператор, көлік жүргізушісі, күзетші, тігінші, хореограф, бухгалтер, менеджер т.б. мамандықтарға бос жұмыс орындары бар.
Айта кетейік, «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындары жәрмеңкесіне 500-ге жуық адам қатысып, 72 жасқа жұмысқа жолдама берілді.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.