Кеңесу – жүйелі жұмысқа бағдар Избранное

Пятница, 15 Апрель 2022 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 948 раз

Жуырда ғана тағайындалған Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудан аумағына қарасты елді мекендердің белсенді тұрғындарымен, орам және көше басшыларымен кездесу жұмыстарын бастады.

27

 

Алғашқы кездесу бекітілген кестеге сәйкес Асар шағынауданында өтті. Асарлық белсенді тұрғындар аудан әкімімен танысып, елді мекеннің негізгі ахуалын атап өтті. Сондай-ақ, өзекті әрі шешімін табуды қажет ететін мәселелер де айтылмай қалған жоқ.
Алға тартқан маңызды мәселелер қатарында «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы үйлер бойынша тұрғындардың құжат рәсімдеу жұмыстары, спорт және ойын алаңшалары салу қажеттілігі айтылды. Өз кезегінде аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы барлық мәселелердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі бақылауына алатынын ескертті.
Кездесу соңында елді мекен ақсақалдары аудан әкіміне батасын беріп, жұмысына сәттілік тілеп өз қолдауларын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұл бағыттағы кездесулер аудан аумағында бекітілген кестеге сәйкес жалғасатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.