Бірлігі бекем елдің іргесі берік Избранное

Пятница, 29 Апрель 2022 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1322 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан отыз жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл – шын мәнінде мақтан тұтарлық жетістік. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалдық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз» деген болатын.

 

Расында, Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер – елдің бірлігі мен халықтың татулығының нәтижесі. Жетістіктерімізді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. Ынтымағы жарасқан, бейбіт елдің бірлігінің сақталуына әрбіріміз атсалысайық. Бәріміз бірлік пен тұрақтылықтың мекенінде еңбексүйгіштігімізбен, табандылығымызбен ғана қуатты әрі дамыған мемлекет құра аламыз.

Қадірлі жерлестер!

Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек. Баршаңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Бір шаңырақтың астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі татулық әрдайым берік болсын!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Бахадыр Нарымбетов,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.