ШАҺАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Пятница, 27 Май 2022 08:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1065 раз

Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маңызды функцияларының бірі – ішкі туризмді дамыту. Басқармаға қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы осы бағытта – «Балалар туризм апталығын» ұйымдастырған болатын.

711

 

Бүгінде жалпы саны 250-ден аса бала Шымкент қаласының туристік нысандарымен танысты. Балалар мен жасөспірімдерге орталықтың гид-экскурсоводтарының жетекшілігімен әр нысанның мән-мазмұны туралы нақты деректер негізінде ақпараттар берілді. Экскурсия бағдарламасының барысы тек ақпаратпен шектелмей, оқушылардың өзара достық қарым-қатынас орнатуларына да ықпал етті.
–Барлығымыз үшін ең қымбат естеліктер – ол бала кезіміздегі сәттер. Апталықтың басты мақсатының бірі – жасөспірімдерге керемет саяхат ұйымдастыра отырып, өмір бойы жадында қалатын естеліктер сыйлау болатын. Сондықтан, бағдарламаға қаланың ең танымал туристік орындары біріктіріліп, апталық барысында 10-нан аса нысанға тегін экскурсия жүргізілді, - деді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.
Апталық алдағы уақытта жалғасын табады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.