9 ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Избранное

Пятница, 27 Май 2022 08:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1014 раз

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиын барысында 2022 жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті.

710

 

Инвесторлар «zoom» платформасы арқылы байланысқа шыққан қала басшысына жаңа жобалар туралы баяндады. Негізінен құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және әлеуметтік сала бойынша жалпы, 9 жаңа жобаның жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Атап айтқанда, Wenzhou Xuzhan Investment Co., Ltd. керамика плитасы өндірісі, «ПолиТрейд Казахстан» ЖШС-нің газ және суға арналған полиэтилен құбырын шығаратын кәсіпорны, «Ұлан-Б» ЖШС жеміс пен көгөніс сақтайтын мұздатқышы бар қойманың құрылысы, «Kazakhstan Invest Company» мекемесі электр энергиясы өндірісіне қажетті жабдық шығаратын зауыт құрылысы, «ЮГ Oil Pro» ЖШС асфальт битумдарын өндіретін және сақтайтын кәсіпорны, «КазТекстильПром» компаниясының жіп иіретін текстильдің құрылысы, «PAGES» ЖШС қағаз өндіретін зауыт, кәсіпкер Алтынбек Утебаев тері өнімдердің өндіретін және «Grand Nomad» ЖШС-нің спорт кешені құрылысы жобалары ұсынылды.
Құны 13,5 млрд теңгені құрайтын керамика плитасы өндірісі жобасы 200 адамды жұмыспен қамтуды көздеуде. Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 25 гектар жер беру қарастырылуда.
Жылына 100 млн метр тамшылатып суаратын таспа мен 9000 тонна дайын полимер бұйымдарын шығаруға қауқарлы кәсіпорын 30 адамды жұмыспен қамтымақ. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 3 га жер бөлу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1,3 млрд теңге. Жылына 10 000 тонна электр энергиясы өндірісіне қажетті жабдық шығаратын зауытқа да 10 га жер телімі қажет.
Асфальт битумдарын өндіретін және сақтайтын жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Жеке инвестор жылына 255 мың тонна асфальт өндіруді қолға алмақ. Ал, 897 адамды жұмыспен қамтуға арналған текстиль жобасының құны – 15,2 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 10 440 тонна иірілген мақта жіп пен 18,9 млн шаршы метр мата тоқуға қауқарлы. Сондай-ақ, жылына 3,6 млн орама қағаз шығаратын мекемеге «Оңтүстік» индустриалды аймақтан жер бөлу жұмысы қаралуда.
Қала әкімі жаңа өндіріс орындары қаламыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Индустриалды аймақтардан қажетті жер беріледі. Шаһар басшысы жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ШАХМАТТАН сынға түсті ШАҺАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ »