Балалық шақ бақытты аспан астында Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 648 раз

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ бақытты аспан астында» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт қоғамдағы ерекше балалардың және олардың ата-анасының көңіл-күйін көтеру және дарынды бүлдіршіндерді көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылды.

722

 

– Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүгінгі концертке «Жігер» қоғамдық бірлестігі мен
№7 оңалту орталығының бүлдіршіндері қатысты. Концерттік бағдарлама барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй, ерекше сыйлықтар сыйлап, тәттілермен қуантпақпыз. Әл-Фараби ауданында 180 мүмкіндігі шектеулі бала бар, - дейді Әл-Фараби аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Қайыржан Қайратұлы.
Салтанатты шара барысында демеушілердің қолдауымен ерекше балаларға базарлық үлестірілді.
—Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру – біз үшін бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, бірқатар азаматтар бүгін салтанатты шараға қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың балаларға деген қамқорлығы ерекше қуантып отыр, -дейді іс-шара демеушілерінің бірі Айгүл Кеңесқызы.
Әуезді ән шырқалып, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болған балалар мерекелік концерттен ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Айдана МАРАЛБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.