Жүректен жүрекке жылу беріп Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 785 раз

Балалар жылына орай, биыл елімізде балаларды қорғауда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынған. Сондай игі іске «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры ұйытқы болып келеді. Қор церебральді сал ауруы диагнозы бар балаларды қамқорлығына алған.

723

 

Қайырымдылық қоры балаларды оңалтумен 2011 жылдан бері айналысып келеді.
2014 жылдан бастап қорда Қазақстанда нейро-ортопедиялық бұзушылықтары бар балаларды оңалту ісін қолға алды. Сондықтан бүгінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары ұл-қыздарын емдеуде қаражат іздеп, шет ел асуды азайтты. Қазіргі таңда қор базасында Нұр-Сұлтан мен Шымкентте үш оңалту орталығы жұмыс істейді, олар соңғы төрт жылда 7 498 баланы тегін оңалту шараларына өткізді. Осы жылдар ішінде "Қасиетті Жол" қорының бас серіктесі - "Samruk-Kazyna Trust"әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қолдауына ие болды.
Қорға қарасты Шымкент қаласындағы орталықта жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан 600 баланы тегін оңалтуға қабылдайды. Ай сайын бірнеше бала оңалтудан кейін алғашқы қадамдарын жасайды. Орталықта білікті реабилитологтар балалармен қатар олардың ата-аналарымен жұмыс істейді. Олар ата-аналарға бала күтімі, күнделікті қарапайым нәрселерді жасай білуге, мақсаттарына жетуге және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Қасиетті жол өміріндегі бір оқиғаға тоқталсақ. 5 жасар Айбар «Kzhol Shymkent» оңалту орталығына 2 жыл бұрын келді. Ол кезде Айбар тек отыра алатын. Емдеудің алғашқы кезеңінде балаға оңай болған жоқ, ауырсынды, жылады, физикалық шаршау байқалды. Алайда емнің нәтижесінде балада туған-туыстарына, анасына деген сезімі оянды. Келе-келе жүріп-тұрды, эмоцияларын көрсете бастады. Қазір бала баспалдақпен жүруге дағдыланды, ал жоспар бойынша келесі оңалту курсында секіруді үйренеді.
«Бұл – нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларды оңалтудың жаңадан енгізілген модулінің нәтижесі, - дейді қор президенті Гүлмира
Әбілдинова.
Бастапқыда 20 баланы қабылдайтын орталықтың бүгінде аясы кеңіген. Сенімнен сұраныс артып, қайырымды азаматтардың демеушілігі де бар, қазір 3 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Жүздеген балалар отыруға, жүруге, сөйлеуге, өздігінен тамақтануға және ойнауға үйренді. Ең қуаныштысы, олардың алғашқылары құрдастарымен бірге мектепке барыпты.

А.МҰХТАРОВА

Последнее изменение Среда, 01 Июнь 2022 10:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.