Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздік талабына сай емес екені анықталды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орынды АКТ залы, спорт залы, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орынды асхана бар. Құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.