Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 103-ге жетті

Пятница, 15 Июль 2022 05:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 631 раз

Шымкент қаласы 2022 жылдың 5 ақпаннан бастап «Жасыл» аймаққа енген болатын. Дегенмен, соңғы онкүндікте коронавирусты инфекциямен шалдығу көрсеткіші артып отыр. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде COVID-19 инфекциясымен 103 жағдай тіркелді. Ауырғандардың көбі – ересектер. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 25 жағдай анықталған.

Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3,4 есе жоғары тіркелді.

Аурушаңдықтың тіркелуі жазғы кезеңде шет елге демалысқа барып келу, шет ел азаматтарының миграциялануы және көп шоғырлануға байланысты.

Коронавирусты инфекциямен ауырғандар профилактикалық тексеру кезінде және науқастар өз бетімен медициналық көмекке жүгінгенде анықталуда. Коронавирусты инфекцияның симптомды түрімен ауырғандар емдеу хаттамасына сәйкес ем алады, ал симптомсыз түрімен ауырғандар 10 күн медициналық бақылауда болады.

Еліміздегі статистикалық мәліметтерден коронавирусты инфекцияның қайта күш алғаны байқалады.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен ошақтарда эпидемиологиялық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар және санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

Алайда, қала тұрғындарын мүмкіндігінше адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақыра отырып, сақтық шараларын барынша күшейту қажеттігін ЕСКЕРТЕМІЗ.

Егер, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе науқастанып қалған жағдайда, аурудың таралуын болдырмау үшін көпшілік орындарға бармай, үйде қалып, дәрігерді үйге шақыру керек.

Осы орайда, індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін атап өту керек. Дер кезінде алынған вакцина – дерттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Алайда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан уақтылы қайта екпе алу маңызды.

Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және лактация кезеңіндегі әйелдерге (босанғаннан 42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) жүргізіледі.

Вакцинациялау егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және тегін жүргізіледі.

Қаладағы егу пунктерінде вакциналардың сақталуы, тасымалдануы, қолданылуы «Суықтық тізбегін» сақтай отырып санитариялық талаптарға сай жүргізілуде. Егуді арнайы оқытылып, рұқсат алған медициналық қызметкерлер жүргізеді.

Шымкент қаласында өткен тәулікте 102 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 603309 адам вакцинацияланған. 354606 адам ревакцинациядан өтті.

Екпе алып, індеттен аман қалу мүмкіндігі әр адамда бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация алу қажет!

Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті

Последнее изменение Пятница, 15 Июль 2022 09:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 14 жаңа аялдама қойылды Көшелер жөнделуде »