Көшелер жөнделуде

Пятница, 15 Июль 2022 06:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 852 раз

Шымкентте ішкі орам көшелерін асфальттау жұмыстары қарқын алған. Мәселен, Әл-Фараби ауданының Сәуле шағын ауданына қарасты Жаңабазар, Марқакөл және Мұратбаев көшелерінде құрылыс қызу жүріп жатыр.

Арнайы әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,9 шақырым жолға жауапты мердігер – «Базис К» ЖШС-і. Бүгінгі таңда мердігер мекеме көшелерге асфальтбетон қабатын төсеуде.

Айта кетейік, аталған жұмыстар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.