ДӘРІГЕР КАБИНЕТТЕРІНІҢ САНЫ КӨБЕЙДІ Избранное

Пятница, 26 Август 2022 05:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 653 раз

Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді.

11

 

Мұнда күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетеді. Түнгі ауысымда 3 дәрігер мен 2 медбике жұмыс істейді. Емхана өкілдерінің мәліметінше, түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600-ге дейін барады. Балаларға арналған бөлімде осы уақытқа дейін бір кабинет жұмыс істеген. Сондықтан ата-аналарға балаларымен ұзақ уақыт кезекте тұруларына тура келген.
Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасына сәйкес, емхана басшылары түнгі ауысымда екі кабинетті іске қосты. Қазір түнгі ауысымда балалар үшін үш кабинет жұмыс істеуде. Нәтижесінде ата-аналар мен балалардың кезегі азайып, уақтылы ем алуға қолайлы жағдай жасалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.