Үкіметтік емес Ұйымдар да ұлтқа қызмет етеді Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 724 раз

Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурс орталығында «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері бас қосты.

34

 

Мұндағы мақсат – жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні қарсаңында мерекелік бас қосу әрі ел дамуына қажет талап-тілектерді жауапты органдар тарапына жеткізуде. Себебі, азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол, дейді жиналғандар.
– Азаматтық қоғам белсенділігінің бір көрінісі ретінде жуырда ғана референдум өткізу арқылы Ата Заңға енгізілген өзгерістерді айта аламыз. Халықтың мүддесін қорғау мемлекеттік органдардың да, үкіметтік емес ұйымдардың да, жалпы, бүкіл қоғамның қастерлі міндеті дер едім. Кезекті рет бас қосып, халық пен биліктің арасында «алтын көпір» рөлін атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жақсартуға, ел дамуына қажет ұсыныстарды талқылауды көздеп отырмыз. Алда бірлесіп атқаратын жобалар көп. Барлығымыздың көздегеніміз – халықтың тұрмысын жақсарту, – дейді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жанетта Жазықбаева.
Үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, Үкіметке жеткізуді мақсат тұтып отыр. Осы бағытта көпшілікпен жиі жүздесіп, ортақ тақырыптар талқыланбақ.
Жиын соңында Конституция күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай бірқатар ардагер әскери қызметкер мерекелік медальмен марапатталды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.