ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 844 раз

«Ұлттық теннис орталығында» Конституция күніне орай жасөспірімдер арасында теннистен республикалық ашық турнир өтті. Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған сайыста 40-тан астам жасөспірім бақ сынап жатыр.

36

 

Ауданда жасөспірімдер арасында теннис турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы сайыс Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов көпшілікті мерекемен құттықтап, Ата заңның қадірін арттыру бағытында тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Абай ауданы әкімдігі AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе аудандағы 100 балаға мектеп формасын, қажетті кеңсе тауарларын табыс етті. Ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары қажетті тауарлармен қамтылуда. Қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер, демеуші азаматтар атсалысты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Другие материалы в этой категории: « Балалар қуанған күн ШЫМКЕНТКЕ, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ! »