Бекет ТҰРҒАРАЕВ, Қазақстанның құрметті судьясы: ШЫН СУДЬЯНЫҢ ОЙЫ ҒАНА ЕМЕС, ЖҮРЕГІ ДЕ ТОЛҒАНЫСТА БОЛАДЫ
Пятница, 03 Июнь 2022 03:38– Бекет Тұрғараұлы, бүкіл саналы ғұмырыңызды судьялық қызметке арнадыңыз. Судьялық деген тек біреуді жазалау немесе ақтау ғана емес қой. Сіз шығарған үкімдер мен шешімдер адамдардың тағдырын шешіп, өмірін басқа арнаға бұрып жатты. Осынау жауапкершілік жүгі адамға ауыр тимей ме?
– Иә, адам жанын аршалап қалу міндетін мойнына алған дәрігердің жауапкершілігі қандай ауыр болса, судьяның мойнындағы жауапкершілік те содан бір мысқал кем емес. Осынау жауапкершілікті сезінбейтін судьялар «заңда солай жазылған, мә, саған, он жыл» деп жаза беріп, отыра береді. Ал сен тірі жансың, жүрегің бар, сезімің бар. Сен жазалағалы отырған адамның артында отбасы, балалары тұр. Оған қоса жәбірленген адамның жағдайын есепке алу керек. Мысалы, біреуді біреу өлтіріп қойса, қаза тапқан адамның артында отбасы мен бала-шағасы қалған болуы мүмкін. Сенің шығаратын шешімің олардың да болашағына, тағдырына әсер етеді. Осының бәрін жүрекпен сезініп, ой таразысынан өткізіп барып шешім қабылдауың керек. Міне, қиындық сонда жатыр.
ҰЛТ ТАРИХЫН ҰЛЫҚТАУ БІР КҮНМЕН ШЕКТЕЛМЕУІ ТИІС
Среда, 01 Июнь 2022 05:00Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейін «Қасірет» мемориалына көшіру ұсынылды
БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ
Пятница, 27 Май 2022 08:09Кез келген саланың дамуының ең басты алғышарты – бәсекелестік ортаның қалыптасуы. Ашық әрі әділ бәсекелестік орнаған жағдайда тұтынушыда таңдау пайда болып, оның талабы күшейеді. Бұл жағдай мамандардың біліктілігінің артуына, тауарлар мен қызметтер сапасының жақсаруына әсер етпей қоймайды. Мәселен, медицина саласына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жан басына қаржыландыру жүйесінің енгізілуі мемлекеттік және жекеменшік емханалардың арасында бәсекелестіктің қалыптасуына, сол арқылы қызмет көрсетудің сапасына оң әсер еткенін көріп отырмыз.
Еркін САТҚАНБАЕВ, Шымкент қаласы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы: ОТАН, ТАРИХ ЖӘНЕ КЕЛЕР ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БІРЛЕСІП КӨТЕРЕЙІК
Среда, 18 Май 2022 04:16– Еркін Тұрниязұлы, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың құрылудағы мақсаты және оның қазіргі жұмысы туралы айтып беріңізші...
– Біз өткен отыз жылда тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық қауымдастықта өз орнымызды иемденіп, аумақтық тұтастығымыз бен ұлттық қауіпсіздігімізді бекемдеп, ұлттық экономикамызды біршама бекемдеуге қол жеткіздік. Дегенмен, елдің дамуы барысында өзекті мәселелердің туындағаны, қоғамда түрлі қайшылықты көзқарастардың қалыптасқаны да жасырын емес. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түбегейлі реформаларды қолға алып, елде әлеуметтік әділеттілік орнату бағытында жұмысты бастады. Осынау түпкілікті өзгерістерді құқықтық тұрғыда негіздеу үшін Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізілетін болды. Демек, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бұл – тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы.
ӨЗГЕРІСТІҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ – ӘДІЛЕТТІЛІК
Пятница, 13 Май 2022 04:41Біздің елге өзгеріс керек екені көптен бері айтылып жүр. Бірақ, ол қандай өзгеріс? Ол өзгерістің басты өлшемі қайсы және оны қалай жүзеге асырамыз? Міне, бұл шын мәнінде маңызды сұрақтар. Елді, қоғамды түбірімен өзгерту бір-екі күндік шаруа емес, ол өте күрделі әрі ұзақмерзімді процесс. Себебі, алдағы өзгерістер қоғамда ашықтық пен жариялылықтың орнауына, азаматтардың қауіпсіздігінің артуына, құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, ең бастысы, әлеуметтік әділеттіліктің орнауына жол ашуы тиіс. Яғни, елдегі өзгерістердің ең басты өлшемі – әділеттілік. Қаншалықты әділ қоғам орната алсақ, өзгерістердің де соншалықты нәтижелі болғаны.
ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Пятница, 13 Май 2022 04:35Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Пятница, 13 Май 2022 04:29Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс.
ВЕЛОЖОЛАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ
Пятница, 06 Май 2022 05:04Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалына кіреберісте 2020-2021 жылдары ұзындығы 2.2 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол салынған. Жолдың қос қапталында аяқжол мен веложолақ та төселген болатын.