Балаға қамқорлықтың ең үлкені – көркем тәрбие беру
Среда, 02 Март 2022 05:10Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесiне байланысты. Мұны аз айтып жүрген жоқпыз. Бiрақ кейбiрiмiздiң балаларға жақсы тәрбие бере алмай жүргенiмiз шындық. Дәлел керек пе?
Қазақстанда 2021 жылы жасөспiрiмдер қолымен 1 873 қылмыс жасалған. Оның ішінде 147 қылмысты шымкенттік балалар мен жасөспірімдер істепті. Әрине, бұл көрсеткiш осыдан 10 жыл бұрынғыдан 2 еседей азайған. 2010 жылы елімізде кәмелетке толмағандар жасаған 4 мың қылмыс тіркелген екен. Әлі мектепті бітірмеген жас өрендердің 1 873 қылмыс істеуін аз деуге ауыз бармайды.
БІРЛІК – БАРЛЫҚ, БАЙЛЫҚ, БАҚЫТ
Среда, 02 Март 2022 04:56Шымкент қаласындағы Этноауыл тарихи кешенінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мәдениет және өнер мекемелерінің,
қалалық төтенше жағдайлар қызметінің, полиция департаментінің қызметкерлері мен сарбаздар, ұстаздар мен дәрігерлер, этномәдени бірлестік өкілдері және жоғары оқу орындарының ерікті жастары атсалысты.
САУДА ОРТАЛЫҒЫНА ЖАЗБАША ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ
Пятница, 25 Февраль 2022 04:27Шымкент қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы мен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің өкідерінен құралған мониторингтік топ БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып әлеуметтік маңызға ие азық-түлік түрлерінің бағасын бақылады. Топ мүшелері «Имран» сауда орталығында болып әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасымен танысты.
«ЖЫЛТЫР ШЕНЕУНІК» ПЕН «ҚҰРҒАҚ БЕК»
Пятница, 25 Февраль 2022 04:23олардан арылудың жалғыз жолы – саяси реформалар
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялайды, онда елді саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айтылады» деп хабарлағаны белгілі. Содан бері сарапшылар қауымдастығы Президент қандай өзгерістер туралы айтуы мүмкін, жалпы, мемлекет болашақта қаралы қаңтар оқиғасы секілді дағдарыстарға ұрынбай, орнықты дамуы үшін саяси жүйе қалай өзгеруі керек деген сауалды қызу талқылап жатыр.
ӘКІМДЕР ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ КЕЗДЕСЕДІ
Среда, 23 Февраль 2022 05:22Ендігі жерде әкімдер халықпен бұрынғыдай жылына бір рет қана кездеспейді. Жыл бойына шағынаудандар, елді мекендер мен тұрғын алаптарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізеді. Онда көтерілген мәселелер жинақталып, өзекті проблемалардың пулы жасақталады. Сөйтіп, тұрғындарды мазалайтын ең маңызды мәселелер жүйелі түрде шешіліп отырады.
Фахриддин ҚАРАТАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «БАРЛЫҚ ИГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ – АДАЛ ЕҢБЕК»
Среда, 23 Февраль 2022 05:10–Фахриддин Әбдінәбиұлы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана отандық телеарнаға сұхбат беріп, елдегі өзгерістердің бағыт-бағдары жайлы айтты. Мемлекет басшысының әңгімесінен қандай ой түйдіңіз?
–Бұл сұхбатта бұрын бола бермейтін ашықтық пен еркіндікті байқадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың наразылығының басты себебі көптеген азаматтардың тұрмысының төмен екенін, Қазақстан экономикасында олигополия мен монополия күшейіп, соның салдарынан әділ бәсекелестік болмай, даму тежеліп жатқанын ашық айтты. Демек, Президент елдегі проблемаларға қанық әрі оларды шешіп, жағдайды түзетуге бекініп отыр. «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымның өзі жақын келешекте Қазақстанда оң өзгерістер болатынын аңғартады деп ойлаймын.
Оған қоса Президент осы сұхбатта Қазақстан халқы әлемге еңбекқор, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, адал ұлт ретінде танылуы керектігін, сонда ғана біздің елдің экономикасы гүлденетінін айтты. Бұл өте маңызды әрі орынды байлам. Себебі, барлық игіліктің бастауы еңбек екені бағзыдан белгілі ғой. Біз жастарды сапалы білім алуға, адал еңбек етуге үйретуіміз керек.
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
Пятница, 18 Февраль 2022 04:43Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ: мемлекетке – тиімділік, кәсіпкерге – табыс, халыққа – сапалы қызмет
Среда, 16 Февраль 2022 04:07Енді емханада кезек күтпейсіз
Қазір Ұлданай бала күтіміне байланысты демалыста отыр. Кеше ол учаскелік дәрігердің қабылдауында болып, профилактикалық тексеруден өткен еді. Бүгін таңертең Тұран шағынауданындағы өз үйінің жанында орналасқан емханаға келіп, дәрігер тағайындаған анализдерді тапсырып шықты. Енді ультра-дыбыстық зерттеу аппаратына түсуге асығып барады.