ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Избранное

Пятница, 13 Май 2022 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 344 раз

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.

510

 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының төрағасы Еркін Сатқанбаев мәлімдеді.
–Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі реформалар қолға алынып жатыр. Бұл істің нәтижелі болуы үшін, ең алдымен, оның құқықтық негізін жасақтап алу шарт. Осы орайда Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Тиісінше, Президент конституциялық реформаны республикалық референдум өткізу арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Бұл – бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді, – дейді Е.Сатқанбаев.
Референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері және өзгелер еніп отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес референдум 2022 жылғы 5 маусымда өткiзiлетін болып белгіленді.