«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ: ӘЛЕМНІҢ 22 ЕЛІНЕ ЖОЛ АШТЫ
Среда, 24 Август 2022 04:30Шымкент қаласында биыл қаңтар-маусым айларында 17 миллиард 200 миллион теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл республикада жеңіл өнеркәсібінің дамуындағы үшінші мегаполистің үлесі 23.5 пайызды құрап отыр деген сөз. Шымкентте бұл сектордың дамуына «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ерекше әсерін тигізіп отыр. Биыл бірінші жартыжылдықта Шымкентте өндірілген жеңілөнеркәсіп өнімдерінің 79,1 пайызы осы аймақтың үлесіне тиесілі. Осының өзі мұның еліміздегі ең тиімді арнайы экономикалық аймақтың біріне айналғанын көрсетеді.
ҚОНАЕВТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫН ТАНУҒА ШАҚЫРДЫ
Понедельник, 22 Август 2022 10:36Бүгін, 22 тамыз - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткен күні. Осыған орай Шымкент қаласындағы ескерткішінің жанында Дінмұхамед Ахметұлын еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған тарихи тұлғаның көзін көрген замандастары, кезінде ол кісімен бірге қызмет атқарған еңбек ардагерлері мен Қонаев тұлғасын зерттеп жүрген ғалымдар қатысты.
ШӘКІРТТІҢ АЛАҢСЫЗ ОҚУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Пятница, 19 Август 2022 04:25Міне, 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне де санаулы күндер қалды. Күздің алғашқы күнінде балалар алтын ұя мектебімен қайта қауышып, білім нәрімен сусындауға кіріседі. Көңілі алып ұшып, зор үміт және мол қуанышпен мектеп табалдырығынан аттаған шәкірттің алаңсыз оқуына жағдай жасау – мектеп әкімшілігі мен ата-ананың ғана емес, жергілікті биліктің де алдында тұрған мемлекеттік маңызы бар міндет. Осыған орай, Шымкент қалалық мәслихатының жуырда өткен кезекті жиырмасыншы сессиясында шаһардағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
ҚАЗАНҒА НЕ САЛСАҢ, ШӨМІШІҢЕ СОЛ ІЛІНЕР
Среда, 17 Август 2022 04:38Шымкент заманауи мегаполиске айналып келе жатқанымен, шаһарда ауыл шаруашылығы жерлері де өте көп. Жақында қала әкіміне есеп берген Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биыл 30 мың гектар алқапқа егін салынған. Жалпы, аграрлық саладағы жетістіктерді ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі, басқарманың мәліметі бойынша, 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында Шымкенттегі ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 114.4 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23.3 миллион АҚШ долларына артқан. Ал салаға тартылған инвестицияның көлемі 3.6 миллиард теңгені құрап отыр.
30 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Среда, 17 Август 2022 04:35Шымкент қаласында жыл соңына дейін жеке инвесторлардың есебінен жаңадан 30 мектеп ашылады. Сондай-ақ, 4 мектепте қосалқы оқу ғимараттары салынды. Осының нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 9-дан 5-ке азайғалы отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясында жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берген қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА ЖОЛ АШТЫ
Пятница, 12 Август 2022 04:455 айда шаһар экономикасына 131.1 миллиард қаржы құйылған
Шымкенттегі машина жасау саласының флагманы – «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің трансформатор зауыты. Айта кетейік, бұл серіктестік Қазақстандағы электр жабдықтарын шығаратын жетекші компания «Alageum Electric» акционерлік қоғамының құрамына кіреді. 2019 жылы іске қосылған зауытта Швейцария мен Германияның «High volt», «Knutch», «Tuboly astronic», «Mika fluit» сынды әйгілі компанияларының озық заманауи технологиялық жабдықтары орнатылған. Соның арқасында өндірісті басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Зауыттың негізгі өнімі – 110 кВ-тан 550 кВ-қа дейінгі қуаттылыққа ие майлы-күштік трансфарматорлар мен автотрансформаторлар. Кәсіпорын жылына осындай 150 трансформаторға дейін өндіре алады. Компанияның өнімдері барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Өндірілген өнімдердің 60 пайызы ішкі, ал, 40 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады екен.
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗҒА ИЕ МІНДЕТ
Среда, 10 Август 2022 06:32Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2021 жылғы 25 ақпанда өткен V отырысында жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қорғау мәселесіне ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселенің бірі. Бұл орайда әлемдік үрдістерді басшылыққа алуымыз қажет. Қазір еңбек қауіпсіздігін қорғау кезінде алдын алу шараларына басымдық беріледі. Бұл – халықаралық тәжірибе. Әсіресе, кәсіптік қатерлерді бағалау және оларды реттеудің тиімді жүйесін құру – айрықша назарда. Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту барысында осы қағидаттарды негізге алу керек. Қауіп-қатерді анықтап, оның алдын алу тәсілдерін енгізуіміз қажет. Бұл – жұмысшылардың денсаулығына зардабын тигізетін өндірістік түйткілдерді барынша азайту деген сөз. Өкінішке қарай, біз қазір мұндай мәселеге әбден кеш мән береміз» деген болатын.
Отанға адал қызмет етуден асқан абырой да, бақыт та жоқ
Среда, 10 Август 2022 06:11Бүгінде елімізде кездесетін көптеген проблемаларды шешу – азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, жас ұрпақтың бойындағы Қазақстанға деген мақтаныш сезімінің болуына, Отанды қорғау дейтін азаматтық борышты орындауға дайын ұрпақ тәрбиелеуге байланысты болып тұр. Жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет. Себебі, жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру – ұлттық қауіпсіздіктің рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі.