ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Среда, 15 Декабрь 2021 04:18Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «GREEN CROSS ECO» компаниясының «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан инсулинді шприцтер мен оның инелерін өндіретін зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды.
ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСТЕРІ МОЛ
Среда, 15 Декабрь 2021 04:16Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға үшінші мегаполиске арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, шымкенттіктерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Шымкенттің негізгі салаларында ілгерілеушілік бар
Пятница, 10 Декабрь 2021 05:22
Шымкент қаласында 2021 жылдың 10 айында экономиканың барлық салалары дамыған. Оның ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,7 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 11,8 пайызға, ал, бөлшек сауда 9,6 пайызға көбейген. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Қала әкімі Шымкенттің Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы жайлы әңгімелеп, 30 жылдағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Оның айтуынша, 1991 жылы Шымкентте 440 мың адам өмір сүрсе, бүгінде 2,5 есе өсіп, 1,1 миллион адамнан асқан. 1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 250 мың оқушысы бар 202 білім ұясы жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, 30 жылда медициналық мекемелер саны 27-ден 110-ға дейін көбейген. Бұл тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығының 63,9-дан 71 жасқа дейін ұзаруына мүмкіндік беріп отыр.
Мұнан бөлек Мұрат Дүйсенбекұлы 2021 жылдың 10 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Оның айтуынша, Шымкенттің экономикасына тартылған инвестиция көлемі 41,2 пайызға артып, 325 миллиард теңгеден асқан.
–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда 2025 жылға қарай өндеу өнеркәсібі саласындағы экспорт көлемін 1,5 есеге көбейтуді тапсырғаны белгілі. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Шымкентте өнеркәсіп саласында жаңадан 10 кәсіпорын ашылды. Бұл 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 айда 6,7 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 11,8 пайызға, ал бөлшек сауда 9,6 пайызға көбейген, – дейді М.Әйтенов.
Шаһар басшысы сондай-ақ, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Аумағы 306 гектарлық «Жұлдыз» индустриалды аймағының инфрақұрылымы жыл соңына дейін мемлекеттің есебінен салынып бітеді. Қазірдің өзінде осы аймақта кәсіпорын ашуды жоспарлап отырған 25 инвестор бар. Олардың 10-ы өз кәсіпорындарының құрылысын бастап кеткен. Жалпы мұнда 200 миллиард теңге тарта отырып, 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарланған.
Ал, «Стандарт» индустриалды аймағына 180 миллиард инвестиция тарта отырып, 30 шағын және орта кәсіпкерлік нысанын ашу жоспарланған. Әкімнің айтуынша, бұл 4 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді екен.
Мұнан бөлек, Шымкентте тағы 2 агроиндустриалды аймақ құрылып жатыр. Оның бірі өндірістік жылыжай кешені ретінде жұмыс істесе, екіншісінде ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделеді. Осы шаралардың арқасында Шымкенттен шет елдерге экспортталатын шикізаттық емес тауардың мөлшері қазіргі 450 миллион АҚШ долларынан 2025 жылға қарай 700 миллион АҚШ долларына дейін жетеді деген болжам бар.
Мемлекет басшысының Жолдауында 2025 жылға дейін республика бойынша 1 мың мектеп салу қажеттігі атап көрсетілген. Соның ішінде 101 мектеп Шымкентте салынады.
–Биыл 32 мектептің құрылысы жүріп, соның 25-і пайдалануға берілді. Нәтижесінде, Шымкентте апатты жағдайдағы мектептер проблемасы толығымен шешілді. Ал, үш ауысым бойынша жұмыс істейтін мектептер саны 14-тен 9-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар қалада 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, Шымкенттегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 13 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 71,5 пайыздан 81 пайызға дейін жетті.
—Жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылды. Қазіргі таңда 2 емхананың құрылысы және қалалық №1 ауруханадағы трансплантация орталығын жаңалау жұмыстары жалғасып жатыр, – деді М.Әйтенов.
Брифинг барысында БАҚ өкілдері қала әкіміне өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Мәселен, «Хабар24» телеарнасының тілшісі Сабина Балашкина жақында құрылысы аяқталған жолайрықтың көлік кептелісін азайтуға қаншалықты ықпал еткенін сұрады.
–Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысынан бұрын тәулігіне 30 мың автокөлік өтетін еді. Жолайрық салынғанының нәтижесінде қазір бұл қиылыстан 140 мың автокөлік өтетін болды. Иә, құрылыс кезінде магистралды көшелер жабылғандықтан тұрғындарға уақытша қиындықтар туындайтынын түсінеміз. Сол себепті жолайрық барынша қысқа мерзімде салынды. Әрине, бір жолайрық қаладағы көлік кептелісі мәселесін толықтай шешпейтіні белгілі. Сондықтан алдағы уақытта тағы 5 жолайрық салу жоспарымызда бар. Келер жылдың 5 қаңтар күні соның біреуін салып бастаймыз. Бұл үш деңгейлі, заманауи жолайрық болмақшы. Одан бөлек қалада айналма жол салынады. Қазір Шымкенттің бас жоспарына түзетулер енгізілуде. Онда біз қалаға балама транспорт желісін салу мәселесін де қарастырып жатырмыз. Мұның барлығы кептелісті азайтуға септігін тигізеді, – деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары, Қызылжар шағын ауданындағы стадионның жағдайы, қоқыс өндеу зауытының құрылысы және шаһардың шеткі шағын аудандарындағы электр қуаты, газ, ауыз су мен жол мәселелері туралы сұрады. М.Әйтенов тілшілердің барлық сұрақтарына жан-жақты әрі толық жауап берді.
#30 ТӘУЕЛСІЗДІК АРҚЫЛЫ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНЫДЫҚ
Среда, 08 Декабрь 2021 04:12Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірде «Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын.
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТАРИХИ ТҰЛҒА
Четверг, 02 Декабрь 2021 04:19Желтоқсанның алғашқы күнiнiң «Тұңғыш Президент күнi» ретiнде аталып өте бастағанына көп жыл өтпесе де, ол шын мәнiндегi жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді. Өйткенi, басқа емес, тап осы күннiң таңдалып алуының өзiндiк себебi бар. Елiмiз үшiн ең шешушi тұста, яғни, 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтiп, онда Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мемлекетiнiң Тұңғыш Президентi атанғаны белгiлi. Сайлауға қатысқан азаматтардың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс беру арқылы өздерiнiң тарихи таңдауын жасады.
Елбасының қолтаңбасы қалған қала
Четверг, 02 Декабрь 2021 04:15Шымкент қаласындағы Түркістан салтанат сарайында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Елбасы бастамасымен қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.
ДЕПУТАТТАР ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ
Четверг, 02 Декабрь 2021 04:14Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Онда қала әкімі Мұрат Әйтенов 2021 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН БАҚЫТ ЖОҚ
Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:26Шымкент қаласындағы жастар ресурстық орталығында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген белгілі спортшылар жастармен кездесті.