ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨРТІНШІ ОНЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ МАҚСАТЫМЫЗ
Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:19Жақында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, қазақ футболына қатысты ащы шындықты ақтарып салды. Премьер-лиганың 14 футбол клубын (соның ішінде Шымкенттің «Ордабасы» командасы да бар) қаржыландыруға соңғы 3 жылдың өзінде бюджеттен 111 миллиард 200 миллион (!) теңге бөлінгенін дәйек еткен депутат, өкінішке қарай, «халықтың салығынан түскен қаржы қазақ футболын дамытуға емес, шетелден келген легионерлерді байытуға» жұмсалып жатқанын ашына айтты.
ЖОЛАЙРЫҚ ТОЛЫҒЫМЕН АШЫЛДЫ
Среда, 24 Ноябрь 2021 04:29Кеше Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық толығымен ашылды. Бұған дейін жолайрықтың ашық тоннелі мен Т.Рысқұлов көшесіндегі айналма жолдың бір бөлігі пайдалануға берілген еді. Енді жолдың екінші жағы да ашылып, автокөліктер барлық бағытта жүре бастады.
ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Среда, 24 Ноябрь 2021 04:272025 жылға дейін жалпы құны 2.6 триллион
теңгенің 300 инвестициялық жобасы жүзеге аспақ
Соңғы жылдары Шымкент қаласының экономикасы тың серпін, жаңаша қарқынмен дами бастады. Бұған оның «республикалық маңызға ие дербес қала» мәртебесіне ие болуы әсер еткені анық. Сондай-ақ, қаланың географиялық орналасуы, нақтырақ айтқанда, оның үлкен нарықтарға жақын болуы шаһар экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Шымкенттің 500 шақырымдық радиусында 30 миллион халық өмір сүреді. Ал, 1 мың шақырымдық радиуста 7 шет мемлекеттің астанасы мен 70 миллион тұтынушысы бар үлкен нарық орналасқан. Егер 2 мың шақырымдық радиусты алып қарайтын болсақ, онда 3 миллиард адамдық алпауыт нарыққа шығуға болады. Бұл Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетінің қаншалықты жоғары екенін көрсететін дерек.
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 400 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТЕДІ
Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:48Биыл Шымкент қаласының экономикасына 400 миллиард теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде шетелдік және жеке инвесторлардың үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл туралы YPO FORUM Shymkent «Жаңа жағдайдағы бизнес» форумында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
«SHYMKENT ÖNIMDERI-2021» – қаланың өндірістік қуатын танытатын көрме
Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:34Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Shymkent Önımderı 2021» атты жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды. Үш күн бойы жалғасатын көрменің мақсаты — жергілікті тауар өндірушілерді тұтынушыларға кеңінен таныстырып, олардың ісін ілгерілетуге көмектесу. Өңдеу өнеркәсібі бағытында жұмыс істеп, дайын өнім шығарып жатқан 100-ге жуық шымкенттік компания қатысуда. Олардың арасында құрылыс материалдарын, жиһаз, медициналық құрал-жабдықтар өндіретін кәсіпорындар бар.
ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ХАЛҚЫ ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ
Пятница, 12 Ноябрь 2021 04:01Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданының халқы заманауи талаптарға сәйкес жаңа емхана салып беруді сұрайды. Олар қазіргі №9 қалалық емхананың халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндігі жетпейтінін алға тартады.
Баланың балалығында әкенің даналығы бар
Среда, 10 Ноябрь 2021 04:37Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтті
Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтті. Отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті.
БЕЙНЕКАМЕРАЛАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ОРНАТЫЛУДА
Пятница, 05 Ноябрь 2021 05:16Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 740 камера орнатылды. Оның 1 500-і бейнебақылау жүргізсе,
2 240 камера әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін автоматты түрде тіркеп отырады. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінде өткен брифингте департамент бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.