Діни конфессиялар басшыларымен кездесті Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2019 05:05 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 296 раз

18қазан – Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады.

510

 

Кездесуде қала әкімі діни конфессия басшыларымен дін істері бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.
– Біз – көпконфессиялы мемлекетпіз. Тәуелсіздік алғалы ауызбіршіліктің арқасында өсіп келе жатырмыз. Бізді шет елдерде татулықтың, рухани келісімнің эталоны ретінде таниды. Осы ынтымақ-бірліктің үлгісін өзімізден кейінгілерге жеткізуіміз керек. Алдағы жылы мегаполис ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Ол үшін жан-жақты дайын бол-уымыз керек. Сіздер де сол дайындыққа, қала тұрғындарының санасын өзгертуге, ізгіліктің дәнін себуге көмектеседі деп ойлаймын, – деп Ерлан Қуанышұлы дін өкілдеріне сенім білдірді.
Мәжіліс барысында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт» орталық мешітінің бас имамы
Бақтыбай Бейсенбаев тұрақты діни ахуал, мамыражай қоғам қалыптастырған
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысын жеткізді.
Басқосу соңында конфессия басшыларына Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.