ШЫМКЕНТТІК ВЕЛОШАБАНДОЗДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Среда, 04 Октябрь 2023 06:45 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1720 раз

Жуырда Талдыкорган қаласында велоспорттың шоссе түрінен Қазақстан Республикасының көпкүндік чемпионаты өтті. Жарысқа 22 команда қатысты.

 

Аталған жарысқа Шымкент қаласынан №2 олимпиада резервтерінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің велошабандоздары да қатысып, командалық есепте 1-ші орынды жеңіп алды.
Шымкент қаласының аға жаттықтырушылары Е. Жәнәділ, В. Плинингер, И. Бобрыкин бастаған команда құрамында Ергешов Альдер, Валиев Альмир, Раймбеков Марлен, Стоценко Даниил, Ларионов Илья, Төрехан Сұңқар сынды спортшылар өнер көрсетті.
Көпкүндік жарыстың қорытындысы бойынша Валиев Альмир –алтын, Раймбеков Марлен – қола медаль жеңіп алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.