5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары нысандарының жай-күйіне талдау жүргізілді

Четверг, 05 Сентябрь 2024 11:34 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 461 раз

5-nomad-games

Атап айтқанда сәйгүліктерге арнап салынған қора-жайлар мен аңшы құстар қонақтайтын орындардың, олардың жем-шөбі мен жануарлар жарақат алған жағдайда емдейтін мал дәрігерлерінің дайындығын ветеринариялық қызмет өкілдері қарап тексерді.

Көшпелілер ойынына қатысатын тұлпарлар 512 орынға арналған «Арғымақ» ат-спорты кешені мен «Қазанат» ипподромының ат қораларына орналастырылады.

Спорттық бағдарламаның Құсбегілік түрі бойынша барлығы 45 аңшы құс қатысады. Моңғолия құрамасы 3 бүркіт, Қырғыз спортшылары 3 ителгі, 3 қаршыға және 3 бүркіт әкеле жатыр.

Құстар үшін астаналық циркте жеке-жеке темір торлар әзірленген.

Арнайы тексеріс жүргізген ветеринария саласының білікті мамандары, талап-тілектің жоғары деңгейде орындалып, жануарлар үшін барлық жағдай жасалғанын үлгі аларлық деп атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.