Жанбота – жүлдегер! Избранное

Среда, 17 Февраль 2016 04:25 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3949 раз

12705255 918847478231592 158943300762194870 nМәскеуден қуанышты хабар жетті. Фристаил-акробатикадан Ресей астанасында өткен әлем Кубогі бәсекесінде Жанбота Алдабергенова күміс жүлдегер атанды.

Дүниежүзінің ең таңдаулылары қатысқан сайыста шымкенттік спортшы 75,91 балл жинап, екінші орынға жайғасты. Бірінші орын ресейлік Алина Гридневаның (77.43 ұпай) қанжығасында кетті.
Жуырда Минскте өткен Еуропа Кубогі кезеңінде жерлесіміз чемпион атанған болатын. Қарсыз өлкенің қаршадай қызы былтыр Сочиде өткен Олимпиада ойындарында 6-ы орынды иеленген. 20 жасар Жанботаның ендігі мақсаты – 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алу.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Әлияның арманы Жас каратэшiлер жарады »