Мықтылар Шымкентте анықталмақ

Пятница, 01 Апрель 2016 04:42 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3687 раз

Шымкентте пауэрлифтингтен ерлер және әйелдер арасында ҚР ашық біріншілігі болып өтті. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен 350-ге жуық спортшы қатысты.

sport-123Аталмыш сайыс Данияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу турниріне және Үндістанда байрағы желбірейтін Азия біріншілігіне қатысатын спортшыларды іріктеп алуға лайықты мүмкіндік беруде.
– Жарысқа келген спортшылардың дайындығы өте жоғары екені байқалады, – дейді турнирдің бас төрешісі Ұлықбек Эрметов. – Жыл сайын республикалық жарыстың ауқымы кеңейіп, тартымдылығы арта түскені қуантады. Нақ осындай байрақты бәсекенің Шымкент қаласында өтіп жатқанына қуаныштымын.
Осы біріншіліктің нәтижесі бойынша халықаралық додаларда пауэрлифтингтен ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі анықталатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.