Версия для печати

Алау эстафетасы Шымкентке келеді Избранное

Среда, 25 Январь 2017 05:24 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3979 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Алматыда 28 қаңтар күні жалауын көтеретін ХХVIII қысқы Универсиаданың соңғы дайындық шаралары пысықталуда.

DSC0173

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт нысандары жарыстың басталуына сақадай-сай тұр. Осыдан екі-үш күн бұрын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары 

Иманғали Тасмағанбетов дайындық жұмыстарымен танысып, оған оң баға берген болатын.

Ал бүгін еліміздің барлық облыстарында Универсиада алауын тұтату рәсімі өтеді. Эстафета алауын әр өңірдің ең беделді, спортқа еңбегі сіңген азаматтары Лондон, Сочи, Рио олимпиадаларының оты жанған ыдысты қаланың орталық көшелерімен алып жүреді. Сөйтіп, 29 қаңтар күні «Алматы Арена» мұз айдыны маңында орналасқан бас от ұясына жеткізіліп, Универсиада алауы жарыс аяқталғанға дейін жанып тұрады. 

Шымкент қаласындағы Алау эстафетасы 28 қаңтар күні сағат 10:00-де Әл-Фараби алаңынан бастау алады. Сөйтіп, 1,25 келі тартатын арнайы құтыдағы отты Б.Момышұлы, Тәуке хан, 

Ғ.Іляев, Желтоқсан, Д.Қонаев, Бәйдібек би көшелерімен алып өтеді. Жалпы шара, екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңі Д.Қонаев даңғылындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратымен тәмамдалады. Келесі кезең Бәйдібек би даңғылындағы «Наурыз» алаңында 17:00-де аяқталады. Мұнда концерттік бағдарламалар өткізіліп, патриоттық әндер шырқалады. 

Айта кетейік, ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.