×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Ордабасы» – үздік үштікте

Пятница, 05 Май 2017 05:53 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5075 раз

Өткен сейсенбіде футболдан ҚР Премьер лигасының Х тур ойындары өтті. Турдың орталық матчына баланған «Астана Аренадағы» жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайраттың» арасындағы ойын аса тартысты болды.

Ойынның 34-минутында «Қайрат» сапынан Исламбек Қуат есеп ашып, командасын алға жетелесе, 87-минутта «астаналық» легионер ойыншы Срджан Граховац таразы басын теңестірді. Көш басындағы қос команданың өзара тең ойыны тиісінше, шымкенттік «Ордабасы» клубына оңтайлы мүмкіндік берді. Бұл ретте, Павлодарда жергілікті «Ертіс» клубымен кездескен «Ордабасы» Пабло Фонтанеллоның салған жеңіс добының нәтижесінде 3 ұпайды еншіледі. Осылайша, 10 тур ойындарынан кейін «Астана» 23 ұпаймен көш тізгінін бастап тұр. Мұнан кейінгі «Ордабасы» мен «Қайратта» 19 ұпайдан бар. 

«Ордабасы» келесі тур ойынын мамыр айының 6-жұлдызында өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасына қарсы өткізеді.

Последнее изменение Пятница, 05 Май 2017 06:09