Салауатты отбасы – салауатты қоғам Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:14 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 838 раз

Шымкентте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

130

 

Мақсаты – жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын оятып, отбасылар арасында достық орнату, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Бүгінгі отбасылық бәйгеде құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын 25 жастан жоғары 10 команда бақ сынасты. Ата-анасына қолдау көрсетіп, сайысқа қатысқан балалардың жасы 9 - 17 жас аралығында болды.
Жарыс 7 эстафетадан тұрады. Барлық эстафеталар уақыттың ең аз мөлшері бойынша анықталады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
Қазылар алқасының бағалау қорытындысына сәйкес ІІІ орынды Ринат пен Ақжібек Мустафина бастаған «Арыстан» командасы иеленсе, ІІ орыннан Талапбек Қыпшақбаевтың «Достық» командасы көрінді. Жүлделі І орынға Оралхан Есембаевтың «Жанұя» командасы лайық деп табылды. Одан бөлек, сайысқа қатысқан барлық отбасыға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.
– Жарыста физикалық жаттығумен бірге сабырлық пен төзімділікті қажет етеді. Эстафетаны орындау барысында отбасы мүшелерің ұйымшылдығы бір-бірін сөзсіз ұғынуы мен сенім артуы өте маңызды. Соның арқасында болар біз бүгінгі сайыста жеңіске жеттік. Осындай көңілді сайысты ұйымдастырған қала әкімдігіне көп рақмет, -дейді І орынды иеленген «Жанұя» командасының отағасы Оралхан Есембаев.

Другие материалы в этой категории: « СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ