Қалаға келушілер саны артты

Среда, 21 Сентябрь 2022 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 567 раз

Еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін иемденген Шымкент қаласына әртүрлі мақсатта келушілер саны жылдағыға қарағанда артып отыр. 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласына келушілерді орналастырумен шұғылданатын (қонақ үйлер, хостелдер) орналастыру орындарының саны 148 бірлікті құрады. Ондағы орналастыру орындар саны 2875 бөлме, 5673 төсек-орын.

 

Қалада 216,2 мың адамға қызмет ұсынылды, соның ішінде 15,7 мыңы шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 14,4 мыңы жеке мақсатта, 1,3 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 3636,7 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 % артты. 2018 жылдан осы кезеңге дейінгі келушілердің санының динамикасы жылдан жылға қалаға келушілердің арта түскенін көрсетеді.

Р. Елик,
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің Қызмет көрсету саласы статистикасы басқармасының бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.