Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін. МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:
- Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;
- Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;
- Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса.
Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғаны туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.
ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады. Осы және өзге де мәселелер бойынша 1406 колл орталығына қоңырау шалуға болады.
Мухаббат Тұрғынбаева,
Шымкент қалалық №10 емхананың бас дәрігері