ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 307 раз

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – бүгіннің басты талабы. Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Жемқорлықпен күрес – әр саналы азаматтың парызы.

 

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2022 жылы 2 тамызда бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты жұмыс атқарылып келеді. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге құқықтық-түсіндірме
жұмыстарымен қатар басқарманың Instagram және (немесе) Facebook әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Соңғы уақытта жеке кәсібін дамытқысы келетін азаматтарға берілетін мемлекеттік грант аясында көптеген мәселелер орын алуда. Соның ішінде азаматтардың алаяқтарға алданып қалуы жиі кездеседі. Осы ретте қала тұрғындарынан бейтаныс азаматтардың грант алуға көмектесу немесе басқа да мемлекеттік көмектерге қаржы сұрағанына күмән келтірсеңіз, шұғыл түрде 1424 сенім телефонына хабарласуларын сұраймыз. Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Халықты жұмыспен қамту орталығының ішкі қауіпсіздік пен азаматтардың арыз-шағымдары бөліміне (Нұрсәт м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89) жүгінуге болады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекет жетістіктерін жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіні күмәнсіз. Сондықтан бұл зұлымдықпен күресу Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып саналады.
Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әр саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өз үлесін қосқаны абзал.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.