Республикалық жарыста қара үзді Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 512 раз

Жуырда Астана қаласында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық «Алтын қазына» көрме-байқауы өткізілді.

675

 

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру. Бәйгенің қалалық кезеңі мамыр айында «Экология, өлкетану және туризм орталығының» ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнері» мұражайында өтті.
Қалалық кезеңде оқушылардың еңбегі 7 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Б.Сейіткерім «Тоқыма бұйымдарын дайындау» номинациясына ие болды. №89 ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Д. Қуанышбеков «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясын жеңіп алды. №65 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы А.Ахметжан «Шыныны көркемдеу өңдеу» номинациясына лайық деп танылды. №109 жалпы орта мектептің 9 сынып оқушысы Б.Толаметов «Металды көркемдеп өңдеу», №89 ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы А.Раушанова «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау», Балалар көркемсурет мектебі «ЮНЕСКО» клубының білім алушысы А.Абжоббар «Қағаздан бұйымдар жасау», №36 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы С.Давлятбекова «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында жеңіске жетті.
Респубикалық байқауда Д.Қуанышбеков пен А.Раушанова І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаздар, топ жетекшілері алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификат табысталды.

А.МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.