Әскери оқуға шақырамыз

Пятница, 11 Ноябрь 2022 04:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 797 раз

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз сөзінде «Еліміздің кәсіби Қарулы Күштері уақыт талабына сай болуы үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасайды. Қазақстанның қауіпсіздігі тікелей сіздердің қолдарыңызда» – деп атап өткен еді.

 

Офицер мамандығы – көптеген жасөспірімнің арманы. Жастарға мамандық таңдау да оңай емес. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жоғары білікті мамандар даярлайтын мынадай оқу орындары бар:
– Құрлық әскерлері әскери институты – жоғари әскери кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицер кадрларды 5 мамандық бойынша даярлайды (оқу мерзімі – 4 жыл). Мекенжайы: Алматы қаласы, Красногорская көш., 35. Тел: 8 (7272) 90-18-20; 90-12-42;
– Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – жоғары әскери кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицер кадрларын 6 мамандық бойынша даярлайды (оқу мерзімі – 5 жыл). Мекенжайы: Алматы қаласы, Жандосов көш., 53. Тел: 8(7273) 03-69-14;
– Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әсери институты – кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицер кадрларын 3 мамандық бойынша даярлайды (оқу мерзімі – 4 жыл). Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова көш., 18. Тел: (7132) 52-28-45; 52-16-88;
– Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы – бастапқы әскери білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сержант құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін кіші командалық құрамды мамандықтар бойынша даярлайды (оқу мерзімі – 2 жыл). Мекенжайы: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, ЩИПТ–1. Тел: 8( 7136)
4-15-20.
Әскери оқу орындарын бітіргендерге тиісті мамандығына қоса әскери атағы беріледі. Әскери оқу орнына түсуге ниет білдіруші 17-21 жастағы орта білімі бар азаматтар қабылданады. Үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша, жергілікті әскери басқару мемемесінің бастығына өтініш жазады.Онда аты-жөні, тегі, туған жылы, мекенжайы және өзінің қалаған оқу орнының атауы көрсетіледі. Жарамдылығын анықтау үшін өтініш білдіруші медициналық дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
Әскери қызметкер болу, тәуелсіз Қазақстан елінің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғау сынаққа төзе білуді, жоғары біліктілікті, ізденгіштікті, сабырлықты қандай іске болмасын төзімділікті талап етеді.

Оқуға тілек білдірген үміткерлерді мына мекенжайда күтеміз: Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы, №306 кабинет. Обл.әскери комиссариат аялдамасы, Сарбаздар көшесі, №8 үй. Тел.: 8-778-660-06-84.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.