Зубира Белгибаева үздік жалпы тәжірбелі дәрігер

Четверг, 15 Декабрь 2022 11:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1007 раз

           Бұл дәрігер науқастарды емдеп жазып, халық алғысына бөленіп жүрген бірегей дәрігер. Халыққа қызмет етіп ғана қоймай, өзінің артынан ерген жас дәрігерлерге өзінің білгенін үнемі үйретіп насихаттап жүрген жан. З Белгібаева 1987 жылдан бері жалпы тәжірбелі дәрігер болып  30 жыл қызмет жасаған. Сонғы 15 жылында №11 халалық емханада бөлім менгерушісі болып қызмет атқарып келеді. Ол клиникалық мамандығы бойыншы 34 жыл еңбек өтілі бар жоғарғы санатта дәрігер(жалпы тәжірбелі дәрігер). Бұл дәрігер науқастарды диагностикалау және емдеу мәселесін лобораториялық инструменталдық талдау әдістерін жете меңгерген дәрігер.

103

 

Диагностика алгоритміне, жаңа әдістерді енгізіп, өзі еңбек етіп отырған ұжының жұмысына елеулі үлес қосып жүрген дәрігер. Үнемі шетелдермен тәжірбие алмастырып білімін жетілдіріп отырады. Жас мамандарға жаңа әдістемелерді үйретуден жалықпайтын жан. 2019-2021 жыл аралығында COVID 19 пандемия кезінде, күндізгі емханада жұмыс жасап COVID 19 ауыр түрлерін емдеумен айналысып , науқастардың алғысына бөленген дәрігер. №11 халалық емханада бойынша COVID 19 ауруына жауапты маман болған және консультатсия жасаумен, емдеумен айналысқан. З Белгибаеваның еліне, өз кәсібіне деген сүйспеншілігінің, науқастарға жанашырлығының адалдылығының айқын дәлелі ретінде халық алғысын алып жүрген білікті де бірегей маман.

Денсаулық саласында сіңірген еңбегі үшін «Халық алғысы медальмен», «Елеулі еңбегі үшін медальмен». «Тәуелсіздіктің 30 жыл медальмен» марапатталған. Медицина , оның ішінде ауруды емдеу алдын алу саласын дамытуға ғұмырын арнаған білікті дәрігер. Бұл кісінің негізгі жұмыс бағыты

- Халыққа адал медициналық көмек көрсету.

- Әрбір келген науқасты, жан тәнімен қарап, Әкесі анасы, бауыры, балалары ретінде қабылдау. Оларға үлкен жанашырлықпен қарау.

-Халық денсаулығын нығайту. Бала мен ана өлімін болдырмау.

-Бүгінгі күннің нағыз проблемасына айналған жүрек қан тамырлар ауруларын, туберкулез, онкология ауруларын ерте анықтау, олардың өмір сүру қабілетін ұзарту.

-Әр пациенттің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын, дұрыс тамақтануын үнемі айтып, етене жақын жүру.

-Аурудың алдын алу бағытында жұмыс жасау.

З. Белгибаевадың негізгі ұстанымы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.