АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС, АҚШАЛАЙ Избранное

Среда, 11 Январь 2023 05:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 640 раз

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға берілетін азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы енді берілмейді. Оның орнына ақшалай төлем жасалады. Бұл өзгеріс ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған.

602

 

Айта кетейік 2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі. Бұл ретте кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттай түрден ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар жиі түсіп, халық беріліп жатқан азық-түлік сапасына сын айтқан болатын.
–Әлеуметтік топтама ішінде бала жей бермейтін артық заттар, кейде жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен де тағамдар болады. Сондықтан ақшалай берілгені дұрыс деп санаймын. Біз керек затымызды дүкеннен өзіміз алсақ, сол ыңғайлы, - дейді АӘК алушы Шымкент қаласының тұрғыны Мейрамбек Әлима.
Сонымен, енді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік топтама орнына әр балаға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 5 мың теңгеден аса ақшалай төленеді. Бұдан былай ата-аналар балалардың қажеттілігіне байланысты керек тауарды өздері сатып алады. «Алтын алқасы» бар, «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған аналардың жәрдемақысы да ұлғаяды. Оларға енді ай сайын 25 530 теңге төленеді.
Қазір Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 2023 жылдың 1 тоқсанына құжат қабылдау жүріп жатыр.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ »