Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Жылумен жабдықтау, тартылған қаржы қаражатын мақсатты пайдалану және жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындауы саласындағы басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда аудит іс-шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.
Қатысушылар мен сала мамандарының арасында бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері бойынша тиісті сауалға жауаптар берілді. Жиында мамандар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Н.АБДЕЗОВ, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі