×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Көлiк инфрақұрылымы: сапалы жол халық игiлiгiне

Пятница, 13 Февраль 2015 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4957 раз

 

Шымкент қаласы тұрғындарына айтар ақжолтай жаңалық: ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында қос бірдей жаяу жүргіншілердің өтпе жолы пайдалануға берілетін болады.

600 92da7dfb1bae1322d215fd51f19a994bОның бірі – Республика даңғылының бойында орналасқан (Эмиль сауда орталығының алды) жаяу жүргіншілер жолы болса, екіншісі, Рысқұлов көшесінің «Евразия» базарының алдындағы жер үсті жаяу жүргіншілер жолы. Алғашқы аталған нысанның құрылысын «Мрамориал+» ЖШС жүргізуде. Бұл үшін қала қазынасынан 107 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал, екінші нысанның құрылысы «ЛюксСтройСити» ЖШС-не тиесілі. Жер үсті жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жергілікті бюджеттен 116 миллион 698 мың теңге қарастырылыпты.
Қазіргі таңда межелі жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, Мәделі қожа, Әл-Фараби, Қапал батыр, сонымен қатар, «Қатын көпір» шағынауданының көшелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 124 көшені орташа жөндеуден өткізу үшін бөлім тарапынан 1 миллиард 151 миллион теңге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріліпті.
– Бұл бойынша жергілікті бюджеттен қала көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 620 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, 5 жаяу жүргіншілер өтпесі, 9 көшені қайта құру және Қапал батыр көшесіндегі темір жолдың үстіндегі өткелді қайта құру үшін облыстық бюджет есебінен қажетті қаражат берілді, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қ. Жұматаев.
Айта кетейік, Шымкент қаласы көшелерінің жалпы ұзындығы 2 135 шақырымды құрайды. Оның 931 шақырымы, яғни, 43,6 пайызы асфальтты – бетонды төселіммен қамтылған. Тиісінше, 856 шақырым аумаққа (40,1 пайыз) шағал тас төселсе, 347 шақырымы яғни, 16,3 пайызы топырақты жол санатына енеді. Осы деректен байқалғандай, әр мезгіл сайын лай мен топырақтың зардабын сезінетін тұрғындар тарапынан айтылар өкпе-наз да жеткілікті.
– Өткен жылы Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымының қызметін қамтамасыз ету және дамыту мақсатында, облыстық және қала бюджетінен 3 миллиард 88 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын, - деп атап өтті бөлім басшысы. – Нәтижесінде, 120 көше жолдары орташа жөндеуден өтті. 5 көше бойына аяқ жол салынды. 13 аялдамаға қалташа ұйымдастырылды. Автокөлік жолдарына темір қоршаулар орнатылды. Әрине, «Даму» бағдарламасының аясында алдымызға алдағы 5 жыл уақыт көлемінде облыс орталығында топырақты көше болмауы тиіс деген міндет қойылған. Қаржының бөлінуіне байланысты, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өткен жылы 14 ескі бағдаршам ауыстырылып, ұзындығы 120 метрді құрайтын жасанды жол кедергілері орнатылған. 39 жаяу жүргіншілер өткелі мен көлік жолының оң жақ өткелдеріне белсенді жол белгілері және жарық модульдер орналастырылыпты. 18 бағдаршам нысанына 48 дана кері санау таблолары қойылыпты.
Ағымдағы жылы бағдаршамдарда 22 уақытты кері санау таблолары орнатылып, 11 көшеге екі компанентті пластиктен жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілмек. 35 көшеге акрильді бояумен жол таңбалары сызылып, 350 метр қашықтықта жасанды жол кедергілері қойылады.

Тасымал тәртiбi түзелдi

Қоғамдық көліктерге қатысты қала тұрғындары тарапынан айтылар сын-ескертпелер әлі де болса толастаған емес. Осы орайда, бөлім басшысы қазіргі таңда нақты іс-шаралардың қолға алынып жатқанын жеткізді.
– Бүгінде қала көшелерінде 86 бағыт бойынша барлығы 1250 автобус тұрғындарға қоғамдық қызмет көрсетуде, – дейді Қ.Жұматаев. – Тұрғындардың арыз-шағымына орай, бөлім қызметкерлері тарапынан өткен жылы қараша-желтоқсан айларында тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, қызметіне шалағайлық танытқан көлік мекемелеріне шара қолданылды. Нақты айтқанда, 18 бағыт бойынша келісім бір жақты бұзылып, сотқа талап арыз жолданды.
Сонымен қатар, қалаға жаңадан қосылған елді мекен тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бойынша “Жаңаталап” елді мекенінен қатынайтын №25 бағытты автобус қаланың орталық көшелерін кесіп өтіп, «Нұрсәт» шағынауданына дейін жолаушыларын тасымалдауға кірісті. Бұдан бөлек, №89 бағыттағы қоғамдық көлік қызметі «таскендік» жолаушыларын теміржол вокзалына дейін жеткізуге әзір. Ал, №82 бағыт бойынша «Азат» елдімекеніне жетіп алуға болады.

Последнее изменение Пятница, 13 Февраль 2015 05:02