227 ЖҰМЫС ОРНЫНА КВОТА БӨЛІНДІ Избранное

Среда, 23 Август 2023 06:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 499 раз

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында өткен жәрмеңкеге 25 жұмыс беруші мекеме қатысты. Олар жұмыс іздеуші 100-ге жуық азаматқа 400-ге жуық жұмыс орнын ұсынды.

135

 

Бүгінде қала бойынша 18 жастан асқан 33 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4115-і бірінші топ, 15 411 және 13351 азамат екінші және үшінші топ мүгедектері.
Еңбекке қабілеттілерін жұмыспен қамту мақсатында қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы мен «Тең қоғам» орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 1727 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1300-ден астам адам қамтылды.
Сонымен қатар, қалада 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, биыл бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.