«Мен және менің мотивациям»

Пятница, 15 Март 2024 06:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 442 раз

Балаларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында Шымкенттегі орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесінің  №14 балалар  кітапханасында «Менің  мотивациям»  атты  тренинг-ойыны  өткізілді. «Мотивация» клубына мүше М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8  мамандандырылған гимназиясының 7«к» сынып оқушылары мен Ж. Омарова атындағы №1 саз мектебінің  оқушылары өнерлерін ортаға салды.

oolll

 

Мотивация –адамды белгілі бір мақсатқа, жетістікке жетуге, еңбекке, армандауға ынталандыру. Білім, мәдениет, адамгершілік сынды асыл қасиеттердің бала бойына кітап оқу арқылы сіңетіні белгілі. Жиын барысында оқушылар «Өзімізге қалай мотивация береміз?», «Қандай мотивациялардың түрлерін білеміз?», «Менің өмірлік мотивациям» сынды сұрақтарға жауап іздеп, пікір алмасты
Оқушылар «Мен және менің мотивациям» тақырыбында бейнеролик тамашалап, мектеп психологтарының көмегімен ой-өрісін, танымын дамыту мақсатында «Әрқашан сабаққа келген күнім сәтті өтсін!», «Суретшінің қиялы», «Шығармашылық таңдау» атты психологиялық ойындар жүргізілді. Іс-шара соңында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Ақмарал ЧИМКЕНТБАЕВА,
№14 балалар кітапханасының меңгерушісі

Последнее изменение Пятница, 15 Март 2024 07:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.