Талапкерлер оқуға түсерде оқу орнының беделі, түлектерінің қазіргі қызметі, қалаған мамандықты оқытудағы жетістігін назарға алады. Өйткені, атағы жоғары оқу орнының өзі белгілі бір мамандықтарды даярлауда ақсап тұруы мүмкін. Сондықтан талапкерлер бірінші өзіне «Менің мамандығымды қай оқу ордасында сапалы оқытады?» деген сұрақ қоюы қажет.
Қаладағы белгілі оқу орындарының бірі – Индустриалды-техникалық колледжі. Колледж өз дамуын оңтүстік өңіріміздегі өнеркәсіп орындарының дамуымен тығыз байланыстырады. Индустриалды-техникалық колледжі 1942 жылы құрылған. Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру, теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту жүйесі және техникалық, кәсіптік мамандар даярлауға айрықша мән берілуде. Өйткені, экономикалық қуаты артқан кезеңде білікті, кәсіби мамандарға біздің өңірімізде де сұраныс жоғары. Осы мақсатта тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламасы білім жүйесіне еніп отыр. Қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын жергілікті кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.
Ең бастысы, біздің колледж «екі қолға бір күрек» демекші, кәсіп сырын меңгеріп, мамандық кілтін қолға алуға жол сілтейді. Ал, мамандық – жастарға берілетін өмірлік жолдама.
Ерлан АЛШЫМБАЕВ,
Индустриалды-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы