ХИМБИОЛОГТАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 71 раз

Ж.Тәшенов университетінің Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті «Химия және биология мұғалімін даярлау» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Жалпы химия» пәнінен ашық семинар сабағы өтті. Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылып, студенттер алған білімін, алғырлығы мен тапқырлығын көрсетіп, белсенділік танытты.

 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Оқу ордасының «Химия және биология» кафедрасында доцент К.Дажлилов, доцент А.С.Тенлибаева, доцент Т.Биғара сынды білікті мамандар аянбай еңбек етіп, бәсекеге қабілетті маман оқытуға атсалысып отыр.
Мектеп үйрететін орта болса, оның жүрегі – мұғалім. Ал, ізденімпаз мұғалім дәрісті түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба біледі.. Ұстаз атану, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау – әр оқытушының борышы. Ол –өз кәсібін сүйетін, өз пәнін терең меңгерген, білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктер мен жаңа идеяларды, инновациялық технологияларды тиімді пайдаланатын, барлық шәкіртін жоғары деңгейге дейін көтеретін тұлға.
Ж.Тәшенов университетінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңарып, студенттер үшін мамандандырылған зертханалар, компьютермен жабдықталған электронды кабинеттер, кітапхана мен оқу залдары бар. Заманауи өзгерістер мен жаңарудан қалыс қалмайтын, бәсекеге қабілетті оқу ордасының студенттерінің алар асуы мен бағындырар белестері алда деп сенеміз!

Райхан ҚОЗЫКЕЕВА,
Ж.Тәшенов университеті «Химия және биология»
кафедрасының доценті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.